(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.31.12. № 1456 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

А. Есімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1456 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу

Ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы суаттарында (учаскелерiнде), тоғандарында, су қоймаларында және басқа да суаттарында (немесе олардың учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу тәртібін айқындайды.

2. Балық шаруашылығын жүргiзу деп заңды және жеке тұлғалардың балық ресурстары мен басқа су жануарларын, ұтымды пайдалану, оларды қорғау, өсiмiн молайту, өсiру, аулау, қайта өңдеу және сату жолымен шаруашылық-пайдалы өнiмдi алуға бағытталған шаруашылық қызметiн жүзеге асыруы түсiнiледi.

3. Балық шаруашылығын жүргізуді бақылауды балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

 

2. Балық шаруашылығын жүргiзуге қойылатын

негiзгi қағидаттар мен талаптар

 

4. Балық шаруашылығын жүргiзумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негiзделедi:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.